Қазақстан Сыртқы істер министрлігінде министрдің орынбасары Ермұхамбет Қоныспаевтың Украинаның Қазақстандағы елшісі Петр Врублевскиймен кездесуі өтті. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.
Кездесу барысында елшіге 21 тамызда қазақстандық блогер Диас Құзайырға берген сұхбатында айтқан мәлімдемелеріне байланысты наразылық білдірді.
Қазақстан тарапы мұндай мәлімдемелердің шет мемлекет елшісінің қызметіне сай келмейтіні және қолайсыздығы туралы ұстанымын білдірді. Мұндай іс-қимылдар мемлекеттер арасындағы достық қатынастарға нұқсан келтірмеуге тиіс.