Қазақстандықтар зейнеткерге көмектесу үшін үш сағатта екі миллион теңгеге жуық қаражат жинады
Қазақстандықтар зейнеткерге көмектесу үшін үш сағатта екі миллион теңгеге жуық қаражат жинады
399
оқылды
Желі қолданушылары  жол апатына ұшыраған павлодарлық зейнеткерге көмектесу үшін үш сағатта екі миллион теңгеге жуық қаражат жинады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Instagram желісіндегі мәлімет бойынша, павлодарлық қарияның жеке есепшотына жеткілікті қаражат жиналған. Бірақ қария жиналған ақшаның нақты көлемін жарияламауды жөн көрген. Алғашқы болып қаржы жинауды Екібастұз қаласының тұрғыны Динара Молданазарова ұйымдастырған. Қарияға банк картасын ашуға көмектескеннен кейін ол ақша жинауды тоқтатқан. Бірақ қазақстандықтар 85 жастағы Ефим Никитичтің есепшотына ақша аударуды тоқтатпаған. Бір күннен кейін зейнеткер Instagram желісінде оған жанашырлық танытып, көмек көрсеткендердің бәріне алғысын білдірді.
"Қазір қажетті соманы жинадық, ақша жіберуді тоқтатуды сұраймын. Сау болыңыздар, бәріне бақыт тілеймін", - дейді қария.
Видео сыртында ер адам жиналған қаражат жеткілікті екенін айтады.
"Бір күнде өте жақсы соманы жинадық. Оның үстіне, Ефим Никитичте жаңа көлік алуға да ақша қалады", - деді ер адам.
Қария жол апатына өзін кінәлі санайды. Осыған қарамастан, әлеуметтік желі қолданушылары шетелдік көлік жүргізушісіне қарт адамға мейірімділік танытып, көлікті жөндеуді талап етпеуді өтінді. Дегенмен, жөндеу үшін ақша төлеуге тура келеді.
"Атаның сақтандыруы жоқ, оның үстіне, Toyota көлігін иесінің өзі емес, жүргізуші тізгіндеген. Қателік атадан кеткен. Шетелдік көлік қатты зақымдалған. Сондықтан қалпына келтіру үшін ақша төлеуге тура келеді. Қазір шығын есептеліп жатыр, сомасы белгілі болғаннан кейін жиналған ақшаны техникалық қызмет көрсету станциясына аударамын", - деді Молданазарова.