Жарылғыш жайлы жалған хабар
Жарылғыш жайлы жалған хабар
375
оқылды
Елордада белгісіз біреулер ем­ханалар, сот ғимараттары, қонақүй мен сауда ойын-сауық орталығына жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлаған. Полиция мәліметінше, 23 тамыз сағат 3.50-де «102» нөміріне авиациялық қауіп­сіздік инспекторы хабарласып, әуежайдың электронды поштасына елордалық сот ғимараттарына жарылғыш зат қо­йылғаны туралы дерек түскенін айтқан.
«Сағат 9.11-де Park INN қонақүйінің, емханалардың, сондай-ақ Mega Silk Way сауда ортлығының ғимаратында бомба жасыру жайында ақпарат келіп түсті», – делінген хабарламада.
Құқық қорғау органдары жедел түрде тексеру жүргізген. Алайда еш жарылғыш зат табылмаған. Бұған дейін осыған ұқсас жалған хабарламалар Алматыда жиі кездескен.