Ауа райы: бүгін үш өңірде 2 градус үсік жүреді
Ауа райы: бүгін үш өңірде 2 градус үсік жүреді
Фото: stihi.ru
290
оқылды
«Қазгидромет» 24 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады. Солтүстік-батыс антициклон әсерінен  ауа райы жауын-шашынсыз болады. Тек еліміздің оңтүстік-шығысында ғана атмосфералық фронттардың әсерінен күндіз жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды. Республика бойынша кей жерлерде жел күшейіп, түнгі және таңғы уақытта солтүстікте, шығыста орталықта тұман түседі. Түнде еліміздің солтүстігінде, орталығында, шығысында топырақ бетінде 2 градусқа дейін үсік сақталады. Қызылорда облысында, Түркістан облысының оңтүстігінде, шығысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, Атырау облысының шығысында, Абай облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз Атырау облысының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында аптап ыстық болады.