Сарбаздың қызы Атырауға табытты алып барған әскерилерге Бекбол Мираштың соңғы жазған хаттарын оқып берді – видео
Сарбаздың қызы Атырауға табытты алып барған әскерилерге Бекбол Мираштың соңғы жазған хаттарын оқып берді – видео
Фото: yandex.kz
10,189
оқылды
Жамбыл облысы Шөлдала шекара бекетінде сарбаз Бекбол Досболұлы Мираш қайтыс болды, - деп хабарлайды Aikyn.kz. Бекбол Досболұлы Атырау облысы Қызылқоға ауданы­ Миялы ауылынан әс­кер қатарына сәуір айында шақы­рылған. Марқұмды туған-туысы 22 тамыз күні жерледі. Сарбаздың денесі Жамбылдан Атырауға ұшақпен, одан Миялы ауылына дейін тікұшақпен жеткізілді. Бекбол Мираштың табытын алып келген әскери қызметкерлерге Бекболдың қызы сарбаздың соңғы жазған хабарламасын оқып берді. Телефондағы хабарламада Бекбол Мираштың қайта-қайта ақша сұрағаны, қиналып жүргені туралы айтылады.   Видео: Бибігүл Рамазанның Facebook-тағы парақшасынан алынды.