Оралда екі жұмысшы кәріз суына батып кетті
Оралда екі жұмысшы кәріз суына батып кетті
507
оқылды
Оралда сорғы стансасында құбыр жарылып, екі жұмысшы кәріз суына батып кетті. БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, оқиға бүгін Исатай-Махамбет көшесіндегі 2-кәріздік сорғы стансасында болған.
«Жедел жәрдем сағат 11.11-де шақырылды. Кәріздік сорғы стансасындағы жөндеу жұмыстары кезінде шахтада құбыр жарылған. Соның салдарынан «Батыс су арнасы» ЖШС-ның 1971 және 1982 жылғы жұмысшылары оқиға орнында көз жұмды» делінген хабарламада.
Орал қаласы әкімінің баспасөз қызметі болған оқиғаны растады. Қазір тиісті органдар қайғылы жағдайдың мән-жайы анықтап жатыр.