Оралда сорғы стансасында құбыр жарылып, екі жұмысшы кәріз суына батып кетті.
БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, оқиға бүгін Исатай-Махамбет көшесіндегі 2-кәріздік сорғы стансасында болған.
«Жедел жәрдем сағат 11.11-де шақырылды. Кәріздік сорғы стансасындағы жөндеу жұмыстары кезінде шахтада құбыр жарылған. Соның салдарынан «Батыс су арнасы» ЖШС-ның 1971 және 1982 жылғы жұмысшылары оқиға орнында көз жұмды» делінген хабарламада.
Орал қаласы әкімінің баспасөз қызметі болған оқиғаны растады. Қазір тиісті органдар қайғылы жағдайдың мән-жайы анықтап жатыр.