Полиция түкірген адамдардың фотосы мен видеосын жіберуді сұрады
Полиция түкірген адамдардың фотосы мен видеосын жіберуді сұрады
998
оқылды
Әкімшілік кодекске сәйкес, қоғамдық орындарды ластауға тыйым салынады. Қоқыс тастаудан басқа, түкіру де тәртіпті бұзуға жатады.
Түкірген адамдардың фото мен видеосын полицияға «102» қосымшасы арқылы жіберуге болады.
"Қоғамдық тәртіпті бұзған және қоғамдық орындарды ластаған жерлерден иллюстрациялар жіберуге шақырамыз. Көрсетілген ресурс арқылы тәулік бойы 20 оператор бейне қоңыраулар, аудио немесе SMS-хабарламаларды қабылдайды. Қабылданған шаралар туралы өтініш авторларына белгіленген мерзімде хабарланады. Айта кеткен жөн, алматылықтар белсенділік танытып, заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз етуге өз үлестерін қосуда. Қол жетімді байланыс арналары арқылы олар ұсақ құқық бұзушылықтар туралы хабар береді",– деді Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ержан Ұзабаев.