Қазақстанның оңтүстігінде жаппай тәртіпсіздіктерден зардап шеккендер саны 185 адамды құрады. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігі хабарлады.
Бұған дейін денсаулық сақтау министрлігі қақтығыс салдарынан 170-тен астам адам медициналық көмекке жүгінгенін айтқан болатын.
"Облыстық штабтың мәліметінше, 185 азамат зардап шекті,оның 34-і ауруханаға жатқызылды. 39 тұрғын үй, 20 коммерциялық нысан мен 47 автокөлік өртеніп кетті", - деп хабарлайды әкімдік.
Ауданда жағдай тұрақты, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жалғасуда.