«Өздеріңіз де білесіздер, қазір Каспий құбыр консорциумындағы екі ВПУ-да жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, үшінші құрылғы қалыпты жұмыс істеп тұр. Сонымен қатар ҚМГ-да қазір мұнайды тасымалдауда ешқандай проблема жоқ. Тасымалдау қуаттары біздің қазіргі деңгейге сәйкес келеді, өндіріс көлемін қанағаттандырады», – деді Д.Қарабаев.Бұл ретте ол ҚМГ мұнай экспортының ықтимал баламалы бағыттарының әртүрлі нұсқасын зерттеп жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, ҚМГ-ның ірі жобалардағы үлесін ескере отырып, мұнай өндіру алты айда 10,7 миллион тонна болған, бұл былтырғы бірінші жартыжылдықпен салыстырғанда 0,3 пайызға артық. Сондай-ақ Д.Қарабаев ілеспе және табиғи газды өндіру көлемі 0,8 пайызға өсіп, 4,1 миллиард текше метрге жеткенін айтты.
М.ХАҚНАЗАР