Жанармай бағасы: байбалам салуға негіз бар ма?
Жанармай бағасы: байбалам салуға негіз бар ма?
© коллаж: Елдар Қаба
570
оқылды
Қазақстандықтар әлеу­мет­тік желіде, мессен­д­жер­лер­де дизель отынының «қара на­рығы» пайда болғанын ха­барлап жатыр. Оңтүстіктегі жа­нар-жағармай құю стан­са­ларында дизель жоқ деп жа­зы­лады, алайда сол жерде дел­далдар оны жоғары баға-ға, литрін 400 теңгеден жа­сы­­рын сататын көрінеді. Бір­қа­тар стансада бір қолға 20-50 литрден артық сатпайды. Бұ­­ған қоса, бензин де 50 тең­­геге қымбаттап шыға кел­ді. Са­лаға жауапты министрлік ха­лықты үрейге бой алдыр­мау­ға шақырды. Бірақ бұқара­ның дүрлікпеске амалы жоқ. Тапшылыққа шектеу түрткі ме? Жанар-жағармай құю стан­саларының мамандары бұған сау­даға қойылған шектеу, дизель оты­нының тапшылығы және күз­гі жиын-терім науқанына бай­ла­нысты сұраныстың күрт артқаны әсер етті деп түсіндіреді. Салдары­нан оны сатуға лимит енгізуге тура келген.
 «Барлығын жасырып, ресей­ліктерге, алыс жолға шығатын жүк көліктеріне сатып жатыр деген айыптауды естідім. Бұл шындыққа жанаспайды. Біздің ЖҚС-тарымыз елорданың ішінде орналасқан, оларға жергілікті КамАЗ болмаса, шетелдік жүк көліктері соқпайды. Бізге күніне дизельдің 500, әрі кетсе, мың литрін ғана жеткізеді. Салдарынан жеке куәлігін көр­сеткен әр тұтынушыға 20-30 литр­ден ғана құйып беріп жатырмыз. Соның өзі бірер сағат саудаға ғана жетеді. Қағылған жұрт ашуланады, тапшылыққа бізді кінәлайды», – деді ЖҚС менеджері Нұрасыл.
Ақпарат құралдарының хабар­лауынша, өзге өңірлерде де жетіс­пеушілік байқалады: Семей тұр­ғындары талондары бар адамдарға да дизельді 20 литрден артық құй­майды дейді. Егер көлік иелері жаңа талон сатып алса, олар үшін баға 260 теңгеге дейін барады: бұл Энергетика министрлігі бекіткен бағаның жоғарғы шегі. Осының алдында, 22 тамыздан бастап Қазақстанда резидентті­лігіне, көлік түріне және тұтыну кө­леміне қарай дизельді отынға сараланған бағалар енгізілді. Тиі­сінше, сатуға лимиттер белгіленген. Атап айтқанда, қазақстандық жүр­гізуші куәлігі бар жеңіл автомобиль иелеріне өңіріне қарай 230-260 теңге бағамен тәулігіне 100 литрін ғана алуға рұқсат. Отандық жүк көліктері мен автобустарына шек­теу 300 литрді құрайды. Шетелдік жүргізушілерге бұл отынның әр литрі тек 450 теңгеден босатылады. Әйтпесе, еліміз арқылы әрлі-берлі сабылған ресейлік, беларусьтік ауыр жүк көліктері арзан қазақ­стандық дизелді өте үлкен көлемде құйып алып кетуді әдетке айнал­дырған. Бұған дейін Энергетика ми­нистрі Болат Ақшолақов Қазақ­станға сырттан күніне шамамен 4,5 мың жүк көлігі, фура кіретінін, оның шамамен 70 пайызы шетелдік көлік екенін (қалғаны елге оралған отандық көліктер) хабарлады. Осыдан-ақ елдегі жанар-жағар май құю стансаларына қандай ауырт­палық түсетінін аңғаруға болады. Оның үстіне батыстың санкция­лары аясында Ресей мен Беларуське Еуропаға автокөлікпен жүк тасуға тыйым салынды. Соның кесірінен олардың халықаралық тасымал­мен айналысып келген алып ав­топарк­тері енді еуропалық жүк­терді өз ше­карасынан Қазақстан мен Қытайға тасуға қайта бағ­дарланып жатыр. Яғни, жүктеме ұлғая бермек. Мұ­ның сыртында Энергетика ми­нистрлігінің ресми мәліметі бо­йынша ЖҚС-тардағы төмен баға да оларды қызықтырады. Нәти­жесінде, дизельді тұтынудың ор­таша айлық көлемі шамамен 120 мың тоннаға артқан. Жүк көліктері министрдің жүйкесін жұқартты Әрине, шетелдік алып жүк көліктері қазақстандық әріптес­терінің қызметіне жүгініп, арзан отынды солардан құйып алуы мүм­кін. Бұған жол бермеу үшін ди­зель­ді лимиттерден артық көлемде ала­тын қазақстандық барлық жүр­гізуші үшін 450 теңге бағасы бе­кітілді. Жүргізушілер қолдан тап­шылық туғызып, бар дизельді кө­терме көлемде соларға қымбатқа сатып жатыр деп ЖҚС-тарды айыптайды. Өз кезегінде Премьер-Ми­нистр Әлихан Смайылов дизельді отынды сату кезінде тәртіпке ба­ғынбайтындарды жазалауды тап­сырды. Отандық кәсіпкерлер ке­ңе­сінің отырысында «Dala-FRUIT.KZ» ЖШС құрылтайшысы Бо­латбек Нәжметдинұлы аграршы­ларды, отандық жүк тасымалдау­шыларды, барша кәсіпкерлерді қатты алаңдатқан осы проблеманы көтерді. Оның айтуынша, өңір­лерде жергілікті жанар-жағармай құю бекеттері дизель отынын тран­зиттік көліктерге қымбатқа құюды жөн көреді, салдарынан төмен­детілген бағамен алатын отандық машиналар отынсыз қалуда.
«Жаңа төлем жүйесі дүйсенбіде енгізілді. Талапқа бағынбаған, он­дай негізсіз «еркелік» жасайтын жанармай құю бекеттерін жаза­лаймыз, тіпті лицензиясын қайта­рып алуға дейін барамыз. Сондық­тан бұл мәселе жақын арада рет­теледі», – деді Премьер-Министр.
Ал Энергетика министрі Болат Ақшолақов қазақстандықтарды осыған бола әуреге түспеуге үндеді.
«Бүгінде ЖЖМ қоры да, оның өндірісі де жеткілікті. Ал транзиттік көлік санының көбеюі – маусым­дық құбылыс қана. Ол бұрыннан болған. Бұған дәстүрлі егін ору нау­қаны қосылды. Біз ауыл ша­руа­шы­лығы өндірушілеріне ди­зельді отын­ды басымдықты тәр­тіппен жет­кізіп жатырмыз. ЖҚС-терге бі­рінші кезекте жеткізіледі. Қын­жылтатыны сол, көрші елдер­дің кө­ліктері өте көп көлемде Қазақ­станға кіріп, тіпті транзитпен өт­пей-ақ, жай ғана отынды құйып алып, кері қайтады. Себебі, оларда бұл отын қымбаттау», – деді министр.
Шетелдік көліктерге қымбат бағаның енгізілуі осыған тоқтау салуы тиіс еді. Алайда оны пай­дакүнемдер өз орайына пайда­ланып, өнімді соларға сататынды шығарыпты. Салдарынан отандық көліктер отыннан қағылып, жа­санды тапшылық туындаған кө­рінеді. Көрші Ресейде дизельдің бір литрі 54 рубль (0,887 доллар немесе 425 теңге) тұрады. 450 тең­геге дейін барған. Арменияда 700 теңгеден қымбат. Энергетика министрі «отын­ның – бензиннің, дизельдің санк­цияланбаған түрде сыртқа кетуіне қатаң бақылау орнату керек» дейді. Қолданыстағы заңнама оған мүм­кіндік бермейтін көрінеді, оған өз­герістер енгізу қажет. Бұл бағыт­тағы жұмыс арнайы комиссия ая­сында жүргізілуде. Комиссия отын тапшылығының алдын алу шара­ларын да пысықтап жатыр. Келіспей пішкен шешім келте болды
Маусымдық тұтынудың шыр­қау шегі жылда шілде мен қыркүйек айларына тұспа-тұс келеді. «Қазір барлық ЖҚС-тарда сауда қалыпты режимге қарағанда 2, тіпті 2,5 есеге өсті. Елімізде отынның жеткілікті көлемі бар, алайда оларды ЖҚС-тарға тез жеткізуде қиындық, ло­гистикалық проблемалар туын­дады. Содан стансаларда отын тез таусылып қалады. Дизельді отынды жүктеп жөнелту жоспары тұты­нысты 100 пайыз өтеуге негізделген. Бірақ ол тұтыныстың 2-2,5 есеге күрт өсуіне шыдас бере алмады. Сол себепті бүгінде аталған ко­миссия аясында ҚТЖ-дағы әріп­тес­терімізбен, барлық мұнай өңдеу зауыттарымен бірлесіп, күн сайын, тіпті күніне бірнеше рет осы жұ­мыспен айналысып, тасымалдаушы цистерналар санын арттырып жатырмыз», – деп сендірді министр Б.Ақшолақов.
Оның мәліметінше, соңғы екі күнде дизельді жөнелту көлемі айтарлықтай артты.
– Барлық азаматты босқа дүр­лікпеуге шақырамын. Елде отын қоры бар, жаңа қорлары өндірілуде, зауыттар тегіс жұмыс істеп тұр. Тамыз соңына дейін тек дизель бойынша 288 мың тонна қосымша, жедел қор жасалады. Ол зауыттар­дың бірі тосыннан тоқтап қалса, тапшылықты болдырмауға керек болады. Бұған қоса, ай сайын жар­ты миллион тоннаға жуық көлемде жаңасы өндіріледі. Логистика мә­селелері бірнеше күн ішінде ше­шіледі. Қазақстан мұнай өндіруін жалғастырды. Ендеше елде отын таусылды деп торығудың қажеті жоқ, – деді Энергетика министрі.
Оның байламынша, сатуға шектеу қою ағаттық болған жоқ, ол да нәтиже береді. Бұдан бөлек, жанар-жағармай құю стансаларында дизельді отын­ды тұтынушылардың дерегін вери­фикациялау жүйесі іске қосылады. Яғни, клиенттердің деректері тек­серіледі. Сонда мол көлемде отын­ды кімдердің сатып алғаны анық­талады. Энергетика министрлігі мүдделі органдармен тізе қосып, верификациялауға арналған мо­дулді құру мәселесін пысықтауда. Әйтсе де, сарапшылардың түсін­діруінше, ол қазіргі тапшылыққа ықпал ете алмайды, болашаққа арналған. Ол жүйеге ірі көлемде жанар-жағармай сатып алған жүргізушілердің дербес деректері енгізіледі. Нәтижесінде, алыпса­тарлар әшкереленеді. Министрлік еліміздегі барлық ЖҚС-тарда бұл жүйе қыркүйек айының ортасына қарай іске қосылады деп хабарлады. Дегенмен, министр Ақшолақов дизель тапшылығына қатысты жағдай оған дейін, бірер күн ішінде қалыпқа келеді деп уәде етіп отыр. Әзірге отын таба алмаған қазақ­стандықтардың сергелдеңі жал­ғасуда. Дизель жетіспеуі кесірінен Алматы облысының бірқатар елді мекенінде қоғамдық көлік тоқта­ған. Мысалы, өңірдегі Қараой ауыл­дық округінде 14 мың адам авто­буссыз қалыпты. Ақпарат құ­ралдарына түсініктемесінде жергі­лікті әкімдік «соляркі жетіспе­гендіктен проблема туындады» деп түсініктеме берген. Өзге өңірлерде тұрғындар маршрутқа шыққан автобустар саны азайғанын бай­қаған. Отын тапшылығы қоғамдық көліктің бір бөлігінің паркте қаң­тарылып тұрып қалуына соқтырды. Энергетика министрлігінің мә­ліметінше, 24 тамызда еліміздегі мұнай базаларында болған және жолда бара жатқан АИ-92 бензи­нінің жиынтық қоры – 183,3 мың тоннаны, ал дизель отынының қоры – 212,4 мың тоннаны құрады. Жыл басынан бері, 7 айда 3 мил­лион тонна дизель өндірілген, бұл был­тырғы ұқсас мерзімнен 110% көп. Егіншілерге күзгі орақ науқа­нына жалпы көлемі 423 мың тонна дизель отыны бөлінбек. Оның бәрі бір мезгілде емес, бөліп жеткізіледі: шілдеде 111 мың, тамызда – 161 мың, қыркүйекте – 124 мың, ал қазанда – қалған 28 мың тоннасы жөнелтіледі. Жалпы, сарапшылар елде отын тапшылығы туындайтынын бол­жап білуге болғанына назар аудар­тады. Мамандар Ресей және Бела­русь тарапынан жүк тасымалы күрт артқанын жаз басында ескерткен. Бұған дәстүрлі түрде егін ору нау­қаны қосылады. Энергетика ми­нистрлігі де қалыптасқан жағдайды осы факторлармен түсіндірді. Ал ол факторлар бір мезетте, аяқ ас­тынан туған жоқ, бірнеше ай бойы қордаланды. Энергетика ми­нистр­лігінің дизель саудасына шектеу енгізген 2022 жылғы 21 тамыздағы №278 бұйрығы ұзақ үрілген осы көпіршіктің жарылуына түрткі болды. ЖҚС-тардың жеткілікті көлемде дизель сатпай қойғанына назаланған жүк көліктерінің жүр­гізушілері 23 тамызда Жетісу об­лысының Үшарал қаласындағы трас­саны жауып тастап, митинг өт­кізді. Өзге өңірлерде де жүк та­сушылар түрлі жолмен қарсылығын білдірді. Қаңтардағы сияқты Энер­гетика министрлігінің кезекті ше­шімі наразылыққа триггер болды. Жалпы, бұл министрлікке алдын ала, әрі кең ауқымды түсініктеме жұмыстарын жүргізбей, халыққа қатысты шешім қабылдауға тыйым салса, жөн сияқты.