Дәурен Абаев он екі күндік «Ұлы дала жорығын» бастады – видео
Дәурен Абаев он екі күндік «Ұлы дала жорығын» бастады – видео
Фото: yandex.kz
Қазақстанның Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев 12 күндік «Ұлы дала жорығы» додасы басталғанын хабарлады, – деп жазады Aikyn.kz. «Елімізде тұңғыш рет қашықтығы 1200 шақырымнан асатын «Ұлы дала жорығы» атты 12 күндік аламан жарыс, марафон-бәйге жобасын қолға алдық. Дода шарттарын qazanat.com сайты арқылы біле аласыздар.   Бұл бәйге болашақта өзіміздің ат үстіндегі дәстүрлі «Париж Дакарымыз немесе Тур де Франсымыз» болады деп үміттенемін. Жігіттеріміз жігерін сынайтын, қазанаттарымыз қажыр-күшін көрсететін марафон-бәйгеге барлығыңызды жанкүйер болуға шақырамын», – деп жазды Дәурен Абаев Facebook-тағы парақшасында. Бұған дейін Дәурен Абаевтың Оқжетпеске шыққаны туралы жазған болатынбыз.