Жапонияда Синдзо Абэнің жерлеу рәсіміне 1,8 млн доллар жұмсалмақ
Жапонияда Синдзо Абэнің жерлеу рәсіміне 1,8 млн доллар жұмсалмақ
Фото: Peerapon Boonyakiat / Keystone Press Agency / Global Look Press
622
оқылды
Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Синдзо Абэны жерлеу рәсімін өткізу үшін арнайы бюджет бекітілді. Оған 250 миллион иен (шамамен 1,8 миллион доллар) жұмсалады. Қаржының көп бөлігі Токиодағы «Будокан» аренасын жалға алуға жұмсалады. Бұған қоса коронавирусқа қарсы шаралар және қонақтарды көлікпен тасымалдау үшін де қаражат бөлінбек. Мемлекеттік жерлеу рәсіміне шамамен 6,4 мың адам қатысады деп болжанып отыр. Жерлеуге Франция президенті Эммануэль Макрон, АҚШ-тың вице-президенті Камала Харрис, АҚШ-тың экс-президенті Барак Обама, Оңтүстік Корея премьер-министрі Хан Док Су, ГФР-дың бұрынғы канцлері Ангела Меркель, Халықаралық Олимпиада комитетінің басшысы Томас Бах барады. Рәсім 27 қыркүйекте өтеді. Ал 12 шілдеде Токиодағы Дзодзедзи ғибадатханасында отбасы мүшелері, жақын достары мен жақтастарына арналған буддистік жерлеу рәсімі өткен болатын.