Жетісай базарындағы өрт: 450-ге жуық кәсіпкердің заттары толығымен жанып кетті
Жетісай базарындағы өрт: 450-ге жуық кәсіпкердің заттары толығымен жанып кетті
381
оқылды
Жетісай базарында болған өрт салдарынан 450-ге жуық кәсіпкердің заттары толығымен жанып кеткен.
«Кәсіпкерлердің жанған мүліктерінің шығыны саналып жатыр. 1 жылға дейін базарда салық жиналмайды. Кәсіпкерлердің несиесі шегеріледі. 15-20 күнде базар өз қалпына келеді», – деді Түркістан облыстық мәслихатының хатшысы Қайрат Балабиев.
Қазір оқиғаның себептерін анықтау және өрттен зардап шеккендерге көмек көрсету жөніндегі комиссия жұмыс істеп жатыр. жетісай
«Адам шығыны жоқ. Заттарын алмақ болған екі адам аяқтарын тіліп алған. Оларға алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Өрттің себебі мен көлемі арнайы комиссияның жұмысы барысында анықталады», – деді Түркістан облысы ТЖД бастығының орынбасары Бақытжан Запаров.
Еске салсақ, бүгін, сағат 03:00-де Жетісай қаласындағы «Күлпаршын» базарының аумағында ауданы 500 шаршы метр болатын жеке тұрған бір қабатты ғимаратта және ауданы 400 шаршы метр қалқаның астында орналасқан аумақтан өрт шыққан болатын (Базардың жалпы ауданы – 2500 шаршы метр).