Тик-токтағы топастар

Тик-токтағы топастар

Бүгінде жұрттың бәрі ұялы теле­фон­дарынан бас алмайды, ұялы телефондары жоқ болса, жандары қалмайды. Көшеде ке­тіп бара жатып та, пойыз жолдан өтіп бара жатып та, пойыз қағып кеткенде ғана ұялы телефоннан ажырайды. Өтірік деңізші? Өтірік емес қой? Ал, енді мына әлеуметтік желідегі «Тик-ток» нағыз топас­тардың мекені ме деп қалдым. Оны тағы да еңбектеген баладан еңкейген шалға дейін қарап жатады. Онда бір келіншектің көзінің сорасы ағып жылап жата­ды. Бейнесінің астына: «Қатты қиналып кеттім. Күйеуім тастап кетті, өмір сүргім келмейді» – деген жазулар шыға келеді. Қай қазақтың қызы жалпақ жұртқа қи­нал­ған сәттерін жария еткен? Шын мә­нін­де, солай ма? Жоқ, аңғал жігіттерден ақша бопсалау болып шығады. «Каспий голды­на» ақша аударсаң, көлде көлбең­деп, шомылып жүргенін, ахаулап күлгенін көресің, көресің де, тірідей өлесің. Қазақ қыздарының біразында иман, ар, ұят қалмады. Әсіресе, 20-40 жастағы ажырас­қан келіншектерде ұят деген атымен жоқ. «Күйеуім вахтаға кетті, кешке жасырын кезде­сейік?» – деп бейнеге есі дұрыс адам түсе ме? Оны достары, туыс­тары, әке-шешесі көрмей ме? Әлеуметтік желі деген желдей ескен, жалпыға ортақ дүние емес пе? Оны шайтан да, апам да, атам да, балаң да көреді. Оны қойшы, жасы келген келіншек­тер­дің төстері жайы­лып, бөкселерін би­ле­тіп, ырбаң­дап жатқандары қай қазақ­тың қызына тән қылық еді? Осындай топастар мекені «Тик-токта» жігіт­тер де жай жүрмейді. Ауыз­дарына келгенін айтып жатады. – Бетің быттиып, бай іздеп жүрсің бе? – Мал еенсің? – Сен бие сияқтысың. – Маған тиесің бе? – Оо, күйеуіңнен жасырынып кездесейік те! Осындай ойсыз сөздерді қарша бора­тып жатады. Қысқасы, «Тик-ток-тағы» қыз-жігіттер бей­не бір жабайы жағалауда шо­мы­лып жүрген сияқты. Осыларға ар­нап, мынадай өлең жаздым:   «ТИК–ТОКТЫҢ» ҚЫЗДАРЫ   Желіде «Тик-ток», Аша қалсаң, ох, ох... Бәрінің қарыны тоқ, Демегін маған, Өтірікті сок! Сосын, ырбаңдайды, Кәрі қатын билеп, Тасбақадай тырбаңдайды, Бірі көзін қысады, Екіншісі ызалы, Келеді кейде сұрағым, «Тфу, мә!»-деп тылағын, Шығарса, зәрең ұшады. Үшіншісі дейді, Миыңды жейді, «Сүйіскім келеді» – деп, Айта берсін, мейлі... Ұятсыз екені «білінбейді», Мұны көрген жастардың, Мейлі, алқаш, мастардың, Саналары іріңдейді, Өтірік жылайды, Көзін қысып, Ысқырып, Ышқынып, Сенен секс сұрайды... Көріп пе едің ағайын, Бұрындары мұндайды? Сиықтары, сәні жоқ, Әзілдері ішінде, Не, мағына, мәні жоқ, Не, бір түйір дәні жоқ! – Байым вахтада, Нөмірімді сақта да, Жасырын келе ғой, Жаным, мені мақта да, Тез жет, ақталма! Дегенде, «Тик-токтағы» қыздар, Есектің миын жеген бе? Сандарын сипалайды, Намысыңды қиқалайды, Көргенім жоқ өмірде, Осындай ноқолайды! «Сілтемеге өт» –деп, Өзіңді бопсалайды, Қысқасы, қыздардың Милары ашып кеткен, Имансыз, мұздардың, Ұяттары қашып кеткен, Былапыт сөздер айтып, Ауыздары сасып кеткен... Жігіттер де жабайы, Сөздері сондай, анайы, «Сен не, биесің бе?» – дейді, «Маған тиесің бе? – дейді, Көресіз әлі, бұлардың, Опық жейді, талайы! Тағы да, айтам, Бәрі жабайы!  Міне, біздің заманымыздың «герой­лары!» Арнайы заң қабылданып, анайы, жабайы сөйлегендерге айып пұл салынып жатса ғой, шіркін!  

Омарта ОСПАҚҰЛЫ