Шымкентте ер адам қалыңдығын некелескен түні ұрып-соғып, өлтіріп қойған
Шымкентте ер адам қалыңдығын некелескен түні ұрып-соғып, өлтіріп қойған
Марқұм бойжеткеннің анасы президенттен қызын қатыгездікпен өлтірген кісіні жазалауды сұрап, Мемлекет басшысына видеоүндеу жолдады. Мемлекет басшысына өтініш түскен соң күдікті ұсталып, қамалды. Оның туысқандары қыздың анасынан кешірім сұрап алмақ болған екен. 4 қызды жалғыз өзі тәрбиелеп өсірген әйел күдіктіге әділ жаза берілуін талап етіп отыр. Өз сөзінде ол ер адам 2019 жылы да бір қызды ұрғанын, бірақ бұл ісі үшін жазаланбағанын айтты. ⠀ Бұл туралы заңгер Айгүл Орынбек те Facebook-тегі парақшасында жазды.
"Полиция қызметкерлері қызын өлтірген адамды табудың орнына, күдіктінің ата-анасын кешірім сұратуға жіберген!
Анасының жан айқайын видеоға түсіріп алу оңай болған жоқ. “Жыламаңыз” деп айта алмайды екенсің…
Құрметті Министр Ахметжанов мырза! Сіздің мықты іскер азамат екеніңізді білемін. Сыбайластық пен жемқорлық тамырлап кеткен Ішкі істер саласын жемқорлықтан тазарту сізге оңай болып жатқан жоқ. Нәтижелі жұмыстарыңызды көріп отырмын. Алдағы уақытта жаңа өзгерістерді бірге жасаймыз деген ойдамын!
Шымкент қаласы тұрғындарының өтініштерін тікелей өзіңізге бағыттап жатқаныма айыпқа бұйырмаңыз! Амалдың жоқтығынан сондай қадамға барып жатырмын", – деген желі белсендісі.
Ол жергілікті полиция басшысы Дәлібеков мырзаға айтылғанымен нәтиже болмайды деген сенімде.
"Дәлібеков мырзаға арнап үндеу жазсаң, жан-жақтан өзіңді қаралаған негатив посттар шыға бастайды. Көтерілген мәселемен емес, менімен күресіп кетеді. Сол себепті өзіңізге шығуыма тура келіп тұр. Жергілікті жердегі басшы өз жұмысын тияқнақты істесе, сізді артық мазаламас едім", – дейді Айгүл Орынбек.