Бүгін Петропавлда жасөспірімнің өзіне қол салуы бойынша факт тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу басталды, – деп хабарлайды ҚР ІІМ телеграмдағы жаңалықтар каналы.
«28.08.2022 жылы Петропавл қаласы ПБ бірінші полиция бөлімінің кезекші бөліміне 2007 жылы туған, кәмелетке толмаған баланың өзіне қол салғаны туралы хабарлама келіп түсті. Аталған факті ҚР ҚК 105-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Сараптамалар тағайындалды. Қазіргі уақытта істің мән-жайларын жан-жақты зерттеуге бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, олардың нәтижелері бойынша түпкілікті іс жүргізу шешімі қабылданады» делінген ресми хабарламада.