Атырауда 50-ден астам адамды алдаған туристік фирма жұмысын тоқтатты
Атырауда 50-ден астам адамды алдаған туристік фирма жұмысын тоқтатты
Фото: yandex.kz
567
оқылды
Атырауда 50-ден астам адамды алдаған туристік фирмаға қатысты тергеу жүргізіліп жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Атыру облыстық Полиция департаментінің мәліеметінше, туристік фирмаға қатысты 18 адамнан арыз түскен.
«Зардап шеккендер жәбірленуші ретінде танылып, жауап алынды. Жәбірленушілердің мәліметіне сәйкес, туристік фирманың директоры Алматы қаласында емделуге кеткен. Қазір туристік фирмаға қатысты тергеу басталды. Тергеу Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлімі 3) тармағымен жүргізіліп жатыр», – деді департамент өкілі.
Туристік фирмаға 50-ден астам адам алданған. Түркия, Египет пен Грузияға жолдама сатып алған. Бірақ демалысқа бармаған. Ақшасын кері қайтармаған. Жәбірленушілердің айтуынша, туристік фирма 100 миллион теңге қайтаруы тиіс. Туристік фирма 2018 жылы құрылған. Алайда қазір туристік фирма жұмысын тоқтатқан.