Сауда және интеграция министрлігі әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының негізсіз өсуіне қатысты шағымдар қабылдайды, - деп хабарлады inbusiness.kz.
Аталмыш тізімге Үкімет қаулысымен бекітілген 19 түрлі тауар кіріп отыр.
Олар:
– Бірінші сұрыпты бидай ұны
– Бірінші сұрыпты ұнның наны
– Тазартылған күріш
– Картоп
– Ас сәбізі
– Пияз
– Орамжапырақ
– Қант
– Күнбағыс майы
– Сиыр еті
– Тауық еті
– Патерленген, майлылығы 2,5% сүт
– Жұмсақ қаптамадағы майлылығы 2,5% айран
– Тауық жұмыртқасы
– Ас тұзы
– Майлылығы 4-9% ірімшік
Аталған тауарлар бағасының негізсіз өсуін байқаған тұрғындар +7 (7172) 74-96-71 телефоны бойынша немесе телеграм-канал арқылы хабарласа алады.