Қазақстан Үкіметінің қаулысымен Әділбек Зейнуллаұлы Сәрсембаев ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі қызметінен босатылды. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Әділбек Сәрсембаев 1978 жылы Целиноград қаласында (қазіргі Нұр-Сұлтан қаласы) дүниеге келген.
Қазақ мемлекеттік заң академиясын «юриспруденция» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1996 жылы ҚР ҚМ Салық инспекциясының жеке тұлғалардың кірістеріне салық салу бөлімінің салық инспекторы болып бастады.
2001 жылдан 2006 жылға дейін Астана қаласы әкімінің аппаратында, ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінде, ҚР Президенті Әкімшілігінде түрлі басшылық қызметтер атқарды.
2007-2009 жылдары – Петропавл қаласы әкімінің бірінші орынбасары, СҚО әкімі аппаратының басшысы.
Түрлі жылдары жекеменшік құрылымдарда жұмыс істеді, ұлттық компаниялар мен мемлекеттік мекемелерде басшылық қызметтерде болды.
2016-2020 жылдары Нұр-Сұлтан қаласындағы Алматы ауданының әкімі қызметін атқарды.
2020-2021 жылдары – «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ басқарма төрағасы.
2021 жылғы наурыздан бастап Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі болып қызмет етті.