Екібастұзда көлге батып кеткен ер адамның мәйіті бір аптадан кейін табылды
Екібастұзда көлге батып кеткен ер адамның мәйіті бір аптадан кейін табылды
181
оқылды
Ер адамның денесін іздеуге сүңгуірлер, ТЖ департаментінің қызметкерлері, туыстары мен еріктілер қатысты, деп хабарлайды  Pavlodarnews.kz.
- Бүгін біздің ержүрек қыздарымыз төтеншеліктермен бірге Ерболаттың денесін тапты. Біздің бүкіл командамыздың атынан марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз, - деп хабарлады VITA іздеу жасағының еріктілері өздерінің Instagram-аккаунтында.
Естеріңізге сала кетейік, екі балықшы Екібастұзға жақын орналасқан Ащыкөл көлінде су асты балық аулаумен айналысқан. Олардың бірі суға жүкпен кезекті рет кіргеннен кейін 1959 жылы туған ер адам жүзіп шықпаған.