Эдуардтың екінші қоласы
Эдуардтың екінші қоласы
202
оқылды
Канаданың Квебек қаласында әртістік жүзуден жастар арасында XVII әлем чемпионаты жалғасып жатыр. Жекелей сында өнер көрсететін отандасымыз Эдуард Ким еркін бағдарламада қола жүлдегер атанды. Бұл – қазақстандық спортшының осы әлем чемпионатындағы екінші медалі. Эдуард бұған дейін техникалық сында испан және жапон атлетіне есе жіберіп, қола медаль жеңіп алған еді. Айта кетейік, бұған дейін жастар арасындағы әлем чемпионатының тарихында қазақстандықтар екі медаль жеңіп алмаған болатын. Сондай-ақ алдағы уақытта Квебекте топтық сында тағы 6 қазақстандық бақ сынайды.

К.ЕСІМХАН