Кәсіпорын Екібастұзда слынады. Онда жоғары сапалы ферросилиций өндіріледі. Оны АҚШ, Оңтүстік Корея және Жапонияға экспорттамақ.
Бас директор Мадияр Данияровтың айтуынша, инвестициялық жоба - экологиялық таза. Орнатылған жүйе іс жүзінде әлемде теңдесі жоқ, ауаны 99,8%-ға дейін тазартудың ең жоғары дәрежесін қамтамасыз етеді. Шаңды ұстап, оны қосымша өнімге - микрокремнийге айналдырып, одан әрі құрылыста пайдалануға болады.
– Зауыттың іргетасы қаланып, жұмыстың 90 пайызға орындалды. Енді металл конструкциясы салынуда. Аз уақыттың ішінде мұндай заманауи инвестициялық жобаны салу - үлкен жетістік. Кәсіпорынның ерекшеліктерін ескере отырып, жеті айдың ішінде біраз жұмысты бітірдік, – деді Мадияр Данияров.
Кәсіпорынның іске қосылуы 2023 жылдың төртінші тоқсанына жоспарланған. Өндірістік қуаттылығы жылына 240 мың тонна ферросилиций өндірілмек. Әзірге инвестиция көлемі 92 млрд теңгені құрайды.