Геннадий Головкин болашағына қатысты мәлімдеме жасады
Геннадий Головкин болашағына қатысты мәлімдеме жасады
1,160
оқылды

Орта салмақта WBA Super, IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (57-2-2, 39 КО) трилогиясы алдында болашағына қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

"Алдағы жекпе-жектен кейін нақты шешім қабылдаймын. Егер де белбеулерді өзімде қалдыру мүмкіндігі болса, орта салмаққа оралып,  белбеулерді біріктіру айқасын өткіземін. Әлі бұлай ешкім жасамаған. Болашақта қолғап түйістіруім немесе карьерамды аяқтауымды сол кезде шешемін", - деді Головкин Boxingscene.com сайтына берген сұхбатында.
Еске салайық, Геннадий Головкин мен Сауль "Канело" Альварес арасындағы үшінші жекпе-жек 17 қыркүйекке жоспарланған. Бокс кеші Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) өтеді.