Атырауда көші-қон заңын бұзған 22 шетелдікті елден шығарды
Атырауда көші-қон заңын бұзған 22 шетелдікті елден шығарды
Фото: yandex.kz
240
оқылды
Атырау облысында 22 шетелдік көші-қон заңнамасын бұзған, – деді Aikyn.kz. Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, 22-28 тамыз аралығында «Мигрант» жедел профилактикалық іс-шарасы өтті.
«Бұл жедел іс-шараның мақсаты – еліміздің көші-қон заңнамасын бұзатын шетел азаматтарын анықтау. Іс-шара кезінде облыс аумағында 373 шетел азаматына қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 517-бабымен әкімшілік хаттама толтырылды. Қазақстан аумағынан Өзбекстанның 22 азаматы елден шығарылды», – деді полицейлер.
Сондай-ақ өңірде өкілетті органдардың рұқсатынсыз шетел азаматтарының жұмыс күшін заңсыз пайдаланған азаматтар анықталып отыр. Осыған байланысты Қазақстанның 19 азаматына Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 519-бабымен әкімшілік хаттама толтырылды. Бұған дейін Атырауда көші-қон заңнамасын бұзған 900 шетелдікті әкімшілік жауапқа тартты.