Парламент депутаттары Жолдауды тыңдауға жиналып жатыр – видео
Парламент депутаттары Жолдауды тыңдауға жиналып жатыр – видео
Фото: parlam.kz
455
оқылды
Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды. Санаулы минуттардан кейін Парламент палаталарының бірлескен отырысы басталады. Жолдауға ресми тұлғалармен қатар қоғам белсенділері де қатысады. Мәжіліс пен Сенат депутаттары жиналып, дайындалып жатыр. Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп, онда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды. Жолдауда әлеуметтік-экономикалық мәселелер қамтылады. Президент Жолдауы сағат 11.00-де республикалық телеарналардан, ақпарат агенттіктерінің сайттарынан тікелей эфирден көрсетіледі. Президент баспасөз қызметінің әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларынан жедел ақпарат таратылады.