«Сегізінші. Отандық бизнес үшін күрделі мәселе несие ресурстарының жетіспеушілігі болып табылады", – деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі Қазақстан халқына Жолдауында. Президенттің айтуынша, Қазақстандағы шағын және орта бизнесті жеткіліксіз қаржыландыру шамамен 42 миллиард долларды құрайды.
"Бұл ретте банктер көп триллион долларлық өтімділікті жинақтады, бұл шын мәнінде экономика үшін жұмыс істеп жатқан жоқ.
Ұлттық банк, Қаржылық реттеу агенттігі, Үкімет нақты секторды тұрақты және қолжетімді несиелеуді қамтамасыз ету үшін нақты шешімдер табуы керек", – деді Қ.Тоқаев.
Жағдайдың ең күрделі ерекшеліктерін ескере отырып, Ұлттық банк қазіргі ахуалға икемделгені жөн. Осы орайда шет мемлекеттердің оң тәжірибелерін алуға болады.