Су тапшылығы экономиканы дамытуға кедергі келтіріп, ұлттық қауіпсіздік мәселесіне айналды – Тоқаев
Су тапшылығы экономиканы дамытуға кедергі келтіріп, ұлттық қауіпсіздік мәселесіне айналды – Тоқаев
Фото: fed-zhimulev.livejournal.com
556
оқылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Президент Жолдауда экономиканы тұрақты дамытуға су тапшылығы аяққа тұсау болып отырғанын айтты. «Ел экономикасын тұрақты дамытуға су тапшылығы қатты кедергі болып отыр. Қазір бұл ұлттық қауіпсіздік мәселесіне айналды. Сырттан келетін су азайып барады. Сол судың өзін тиімсіз пайдалану жағдайды одан әрі ушықтырып отыр. Судың 40 пайызы құмға сіңіп жатыр. Бұл салада басқа да түйткілдер аз емес. Атап айтқанда, инфрақұрылым әбден тозған. Сондай-ақ  автоматтандыру және цифрландыру деңгейі төмен. Ғылыми негіздеме жоқ, мамандар тапшы. Бұл мәселелерді шешу үшін Үкімет жанындағы Су кеңесінің жұмысын жандандыру қажет, білімді сарапшыларды жұмысқа тарту керек. Қажетті мамандарды даярлау үшін бұл саладағы іргелі әрі мықты жоғары оқу орнын анықтаған жөн. Су саласын дамытудың үш жылдық жобасын әзірлеу керек», – деді Президент. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Игерілмей жатқан немесе заңсыз берілген жер көлемі 10 миллион гектарға жуықтайды» деген болатын.