Тоқаев: Біз қоғамға іріткі салуды емес, елді ізгі мақсатқа жұмылдыруды ойлауымыз керек
Тоқаев: Біз қоғамға іріткі салуды емес, елді ізгі мақсатқа жұмылдыруды ойлауымыз керек
542
оқылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Президент алдымызда тұрған айрықша міндет – еліміздің егемендігін және жеріміздің тұтастығын сақтап қалу екеніне айрықша тоқталды. «Саяси реформалар «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласымен жүзеге асырылып жатыр. Бұл тұжырым – қоғамымыздың мызғымас тұғыры. Реформалардың мазмұны жан-жақты толыға бермек. Жалпыұлттық ынтымақты және билік пен қоғамның серіктестігін нығайта береміз. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасын ұстану аса маңызды. Біз қоғамға іріткі салуды емес, елді ізгі мақсатқа жұмылдыруды ойлауымыз керек. Әділетті Қазақстан идеясының түпкі мәні – осы. Біздің алдымызда айрықша міндет тұр. Бұл – еліміздің егемендігін және жеріміздің тұтастығын сақтап қалу. Елдігімізді қорғаудың ең басты жолы – берекелі бірлік. Бұдан басқа жол жоқ», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Бұған дейін күзде кезектен тыс Президент сайлауы өтетінін жазған болатынбыз.