Гүлназ КАСИМОВА: Тұрмыс сапасы – мемлекеттің басты міндеті
Гүлназ КАСИМОВА: Тұрмыс сапасы – мемлекеттің басты міндеті
698
оқылды
ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ жетекші ғылыми қызметкері Гүлназ КАСИМОВА Президенттің бүгінгі Жолдауында әлеуметтік-экономикалық бағыттағы мәселелер басты назарға алып, халықтың тұрмыс сапасын жақсарту мақсатында үлкен шешімдер қабылданғанын сөз етті. – Мемлекет басшысының халықтың өмір сүру сапасын одан әрі арттыруға баса назар аударғанын атап өткен жөн. Өмір сапасы мәселелері қоғамдық-саяси күн тәртібінде әрдайым маңызды орынға ие болғанына қарамастан, пәрменді шешімдерді талап ететін бірқатар міндет қалып отыр. ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ зерттеулерінің деректері бойынша, Қазақстан халқы  басым бөлігінің нақты табыс  деңгейі оларға өз қажеттіліктерін толық көлемде қанағаттандыруға мүмкіндік бермейді. Әлеуметтік жағынан осал топтар, сондай-ақ жұмыссыздар, әйелдер және басқа да топтар төменгі табыстардың салдарын барынша сезінуде. Сондықтан осы топтардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту жағына қарай қадамдар жасалды: ең төменгі жалақыны айқындаудың жаңа әдістемесін енгізу, зейнетақының ең төменгі базалық мөлшерлемесін арттыру және т. б. Бұл өзгерістердің нақты нәтижесі – ең төменгі жалақы мөлшерін 60 мың теңгеден 70 мың теңгеге дейін арттыру, сондай-ақ ең төменгі зейнетақы мөлшерлемесін ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70% дейін ұлғайту. Әлеуметтік қамсыздандыру, оның ішінде бала тууға байланысты демалыстағы әйелдер мәселесі назар аударуда. Әйелдердің бірнеше әлеуметтік рөлдерді біріктіруіне байланысты қиындықтар, соның салдарынан еңбек нарығына күйзеліс күйінде шығу және кейбір жағдайларда мәжбүрлеп жұмыстан босату байқалды. 2023 жылдың қаңтарынан бастап бір жарым жасқа дейінгі бала күтімі бойынша төлемдер кезеңін арттыру ата-ана үшін де, бала үшін де қысқамерзімді ақылы бала күтімі демалысының жағымсыз салдарын жоюға мүмкіндік береді. Бұл уақыт аралығында ата-аналардың бірі, көбінесе әйел, кәсіби дағдыларын сақтап, сонымен бірге отбасылық бюджетке көп экономикалық зиян келтірместен декрет демалысында бола алатыны айтылды, – деді Гүлназ КАСИМОВА.