Жамбыл облысындағы сарбаз өліміне қатысы бар күдікті қамауға алынды
Жамбыл облысындағы сарбаз өліміне қатысы бар күдікті қамауға алынды
6,573
оқылды
Жамбыл облысындағы «Шөлдала» шекара бөлімшесінде болған жауынгер өліміне қатысы бар болуы мүмкін күдікті ұсталды. ІІМ мәліметінше, шекара қызметінің Жамбыл облысы бойынша департаментінде мерзімді әскери міндетін атқарып жүрген жауынгер Мираш Д.Б. өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалған. Аталған факті бойынша  Қылмыстық кодекстің 451-бабы 2-бөлігіне сәйкес (Қызметік өкілеттікті асыра пайдаланып, салдары зардапқа әкеліп соқтырған) тергеу жүріп жатыр. Қылмыстық істі тергеу жұмысымен ҚР ІІМ Оңтүстік өңірлік әскери-тергеу басқармасының Тараздағы бөлімі айналысып жатыр. Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған.
«Тараздың мамандандырылған тергеу соты оны қамауда ұстау жөнінде шешім шығарды.  Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес, сотқа дейінгі тергеу деректері жарияланбайды», – делінген Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің хабарламасында.
Бұдан бұрын Бибігүл Рамазан өзінің Facebook парақшасында Жамбыл облысында мерзімді әскери міндетін атқарып жүрген сарбаздың қайтыс болғанын жазған болатын. Оның айтуынша, 18 жастағы жауынгер өзіне қол жұмсаған.