Әлеуметтік желіде видео жариялады.
«Жақсы көретінімді айтудан жалықпаймын»: Төреғали Төрәлі жұбайына сезімін білдірді (видео)
Фото: видеодан скрин
148
оқылды

Әнші Төреғали Төрәлі қасиетті Мекке қаласында жұбайымен бірге видео жариялады, – деп жазды Aikyn.kz.

Өнер иесі жұбайымен бірге таудың басында тұрып, жарын Жаратушының аманаты деп санайтынын, сондықтан өзі үшін адалдық маңызды екенін айтқан.  

«Пайғамбарымыз әйеліне деген махаббатын жасырмаған. Мен де сені жақсы көретінімді айтудан ешқашан жалықпаймын. Алла сені аманат қылып берді. Енді сол аманатқа өмір бойы адал болғым келеді», – дейді әнші.

Айта кетейік, әнші 2014 жылы шаңырақ көтеріп, қазір жұбайы екеуі жеті бала тәрбиелеп отыр.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.