Министр қайтыс болған адамның ағзасы донорлыққа қандай жағдайда алынатынын айтты
Министр қайтыс болған адамның ағзасы донорлыққа қандай жағдайда алынатынын айтты
© Сурет ғаламтордан
375
оқылды
Қайтыс болған адамның азғасы рұқсатсыз донорлыққа алынбайтын болды. Қызу талқыланған нормаға қатысты Денсаулық сақтау министрі осындай шешім қабылданғанын айтты. Бұл ретте Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсыныстары ескерілген. Ең бастысы мұндай қадамға баруға азаматтардың жазған мыңдаған пікірі себеп болыпты. Бұл туралы  31 арнаның "Информбюро" жаңалықтар бағдарламасы хабарлады.  Осымен 7-ші рет өткен қоғамдық кеңестің отырысына Денсаулық кодексі туралы пікір айтып жүрген Мұрат Әбенов те қатысты. Кодекске енгізіледі деген нормалардың ішінде қызу талқыға түскен мәселелер екпе және ағза донорлығы болатын. Азаматтардың пікірін саралаған министрлік тарабы тұжырымдама жобасына бірқатар өзгерістер енгізіпті. "Ең бір маңызды мәселе - ол қайтыс болған адамның мүшелерінің донорлыққа алынуы. Егер марқұм бұл жағдайға байланысты тірі кезінде ешнәрсе айтпаса, ал оның туыстары келісім берсе, ішкі мүшелерді донолыққа пайдалану қарастырылған. Ал егер рұқсат болмаса, органдарды алуға тыйым салынады", - деді денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов. Елжан Біртанов вакцина мәселесінде де бірқатар өзгерістер бар деді. Бұл ретте екпе препараттарының сапасына, оны жеткізуші компаниялардың жауапкершілігі де заңда бекітіледі деп отыр. Вакцинаға қатысты ұсыныстар бойынша Қазақстанға арнайы келген ДДСҰ өкілі Ханс Клюге бастамаларға оң бағасын беріпті. Сондай-ақ жарты әлемнің ұйқысын қашырған індеттің жаппай таралуына қарсы еліміздің атқарылып жатқан шараларына көңілі толатынын айтып, алғысын жеткізген. "Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы осы індетке қарсы кемшіліктерді жоюға және төтенше жағдайларға байланысты іс-қимылдарды реттеуге әлемнің барлық еліне қолынан келген бар мүмкіндікті аямайды. Оның ішінде Қазақстанға ерекше көңіл бөлеміз. Науқастарды қадағалау, емді іздеу, індеттің алдын алуға елді дайындау бағытында бірлесе жұмыс істейтін боламыз", - деді ДДСҰ өкілі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі арасында екі жылға арналған келісімге қол қойылған. Осы құжатқа сәйкес елдегі жұқпалы және жұқпалы емес індеттерді алдын алу бағытында көмек көрсетілмек.Барлық құқықтар сақталған. Материалды көшіріп бассаңыз https://turkystan.kz/article/96667-ministr-ajtys-bol-an-adamny-a-zasy-donorly-a-andaj-zha-dajda-alynatynyn-ajtty гиперсілтемесін міндетті түрде қойыңыз.