Пәтердің терезесінен тұрғындарға оқ атқан экс-полицейге қатысты сот үкімі шықты
Пәтердің терезесінен тұрғындарға оқ атқан экс-полицейге қатысты сот үкімі шықты
Фото: zakon.kz
158
оқылды
Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында пәтердің терезесінен оқ атып, адамдарды жаралаған экс-полицейді жауапқа тартты, – деп жазады Aikyn.kz. Полиция департаментінің мәліметінше, Риддерде ішімдік ішкен ер адам пневматикалық қаруын алып, пәтерінің терезесінен көшедегі адамдарды атқан. Екі адамды жаралады. Оқ атқан ер адамды полицейлер тоқтатты. Ол бұрын полиция қызметкері болған.
«Қалалық әкімшілік соттың шешімімен азамат ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігімен «Ұсақ бұзақылық» бабы бойынша әкімшілік жауапқа тартылды. Сот жәбірленушілердің ауыр жарақат алмағанын, айыпталушының осыған дейін сотқа тартылмағанын ескерді. Ол 15 900 теңге айыппұл төлейді. Ер адамнан пневматикалық мылтық тәркіленді», – делінген ресми ақпаратта.