Бір күнде коронавирусқа шалдыққандар саны қайта көбейді
Бір күнде коронавирусқа шалдыққандар саны қайта көбейді
Фото: sputniknews.ru
259
оқылды
Өткен тәулікте 431 адамнан коронавирус анықталды.  Қызылорда облысында бірде-бір дерек тіркелген жоқ. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады. Оның ішінде: Нұр-Сұлтан қаласында – 66, Алматы қаласында – 34, Шымкент қаласында – 3, Ақмола облысында – 53, Ақтөбе облысында – 17, Алматы облысында – 4, Жетісу облысында – 7, Атырау облысында – 11, Шығыс Қазақстан облысында – 9, Абай облысында – 3, Жамбыл облысында – 13, Батыс Қазақстан облысында – 44, Қарағанды облысында – 46, Ұлытау облысында – 2, Қостанай облысында – 41, Маңғыстау облысында – 13, Павлодар облысында – 27, Солтүстік Қазақстан облысында – 36, Түркістан облысында – 2. Елімізде коронавирусқа шалдыққандардың жалпы саны 1 389 120-ға жетті.