Барыстарды бақылау орталығының өкілі Алексей Грачевтің айтуынша, елімізде 1980 жылдары бұл жануардың саны 200-ге дейін төмендеген. Қазір елімізде шамамен 140-180 ілбіс бар. Ғалым басқа әріптестерімен бірге сирек кездесетін жыртқышты сақтап қалу үшін үнемі зерттеулер мен мониторинг жүргізіп келеді.
Барыс – қолға түсуі қиын мысық. Соңғы уақытқа дейін ол туралы қандай да бір ақпарат жинау қиын болды, бірақ заманауи инновациялық әдістерді, яғни камералық қақпандар, автоматты бақылау камераларын пайдалану арқылы бұл жануарды зерттеуде айтарлықтай жетістікке жеттік», – деді А.Грачев.Бүгінде фототұзақ сирек кездесетін жыртқышты зерттеу мен бақылаудың ең тиімді әдісі болып отыр. Бұл құрылғылар жануарларды жыл бойы түнде және күндіз тіркеуге мүмкіндік береді. «Соңғы 5 жыл ішінде жергілікті ғалымдар Алматы қорығы мен Іле Алатау ұлттық паркінің мамандарымен бірлесіп Алматы маңында мекендейтін ілбіс популяциясына үздіксіз бақылау жүргізіп келеді. Таудағы жануарлардың негізгі популяциялық ерекшеліктері мен мінез-құлқын зерттеу үшін елуден астам фототұзақ орнатылған» деп атап өтті зерттеуші.
Асыл ТҰМАР