Бүгін Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Қостанай облысының Әулиекөл ауданындағы орман өрті орнына тікұшақпен аттанды. 2 қыркүйекте сағат 15.10-да Қазанбасы ауылынан 20 шақырым жерде, "Басаман КШШ" КММ аумағында орман алқабы өртенген болатын. Өртті сөндіру жұмыстары желдің екпіні мен күннің қатты ыстық болуына ("Қазгидромет" РМК деректері бойынша 10-12 м/с дейін, ауа температурасы +36 градус), шөптің қалың өсуіне және кірме жолдардың болмауына байланысты қиындық туғызуда.
Өрт орнында Новонеженка ауылынан Қазанбасы ауылына қарай 10 шақырым жерде жедел штаб құрылды, оның құрамына мемлекеттік органдардың басшылары кірді. ТЖД бастығы полковник Б.Кәрімов өрт орнына барды.
ТЖМ ДЖБО базасында да жедел штаб жұмыс істеуде. Қатты екпінді желдің салдарынан өрт "Семиозерное УЛХ" КММ орман алқабының қылқан жапырақты екпелеріне жайылды.
Бүгін сағат 13.00-дегі жағдай бойынша өрттің алдын ала ауданы 2 000 гектардан асады.
Өрт орнына дереу ТЖД күштері мен құралдары (61 қызметкер және 9 АЦ, 1 Вахтовка бірл., 1 МТЛБ бірл., 1 ТР., 1 КШМ бірл., 1 Су тасушы);
- ЖАО (20 адам 3 м / с).
- "Басаман КШШ" КММ (80 қызметкер және 15 бірлік техника) 11 АЦ, соқасы бар 2 бірлік МТЗ-80, 1 бірлік МТЗ-80 су таратқыш және Ан-2 әуе кемесі.
- "ҚТЖ" АҚ үш өрт поезы (21 адам, есіл № 7 өрт поезы құрамында 50 текше метр су тиеген екі вагон-цистерна, сорғы стансасы; Құсмұрын № 8 өрт поезы құрамында 50 текше метр су тиеген екі вагон-цистерна, сорғы стансасы вагоны, гараж вагоны; Тобол №9 в өрт поезы 50 текше метр су тиеген екі вагон-цистерна, сорғы стансасы вагоны).
Қызметтермен өзара әрекеттесу шеңберінде өрт орнына ТЖД көлігімен № 90260 әскери бөлімінің 20 қызметкері (ТЖД 1 бірлік автобусы), ІІМ Академиясының курсанттары 33 адам (1 автобус), ұйымдар мен кәсіпорындардың 15 су тасығышы (Қостанай қ., Рудный қ., Тобыл қ., Наурызым ауданы), Ақмола облысы ТЖД 50 қызметкері, 3 бірлік техникасы (1 вахтовка, 1 бірлік КШМ, 1 автобус), СҚО ТЖД 50 қызметкері және 6 бірлік техникасы (5 АЦ, 1 Вахтовка), Қарағанды облысы ТЖД № 52859 әскери бөлімі жеке құрамынан 100 қызметкер мен 11 бірлік техника (1 ілесіп жүру автомобилі, 3 бірлік Вахтовка, 3 бірлік жүк камазы, 1 тартқыш, 1 автожанармай құюшы, 1 бірлік рефрижератор, 1 бірлік газ ДДА), 4 адам ТМҚП Щебаково 1 бірлік медициналық-құтқару автомобиліне, "Пригородное УЛХ" КММ 2 адам 1 бірлік АЦ, "Аракарагайское" КММ УЛХ" 6 адам.2 бірлік техника (2 АЦ), 3 адам 1 КШМ ә/б 6697 ҚР Ұлттық гвардиясы.