Қазгидромет ертеңгі ауа райына қатысты 7 өңірде ескерту жариялады
Қазгидромет ертеңгі ауа райына қатысты 7 өңірде ескерту жариялады
Қазгидрометтің хабарлауынша, ертең, 25 тамызда еліміздің жеті облысында күн күркіреп, аптап ыстық және қатты жел соғады. Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде және Петропавл қаласында найзағай ойнайды. Күндіз Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында 35 градус қатты ыстық болады. Облыстың оңтүстік-батысында өте жоғары өрт қаупі бар. Күндіз Атырау облысында 35 градус қатты ыстық болады. Облыстың батысында, шығысында төтенше өрт қаупі бар. Абай облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар. Алматы облысының оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с солтүстік-шығыс бағыттағы жел соғады. Қонаев қаласында екпіні 15-20 м/с солтүстік-шығыс бағыттан жел еседі. Қызылорда облысының орталығында жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз күші 15-20 м/с жетеді. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында төтенше өрт қаупі бар. 25-27 тамызда Түркістан облысының таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі бар.