Қостанай қаласындағы қару-жарақ дүкенінде ірі өрт шықты
Қостанай қаласындағы қару-жарақ дүкенінде ірі өрт шықты
Қостанай қаласындағы қару-жарақ дүкені өртке оранды. 3 қыркүйек күні сағат 11:20-да Н.Назарбаев даңғылында "Оружейная палата" дүкенінің жеке тұрған бір қабатты ғимараты өртеніп, КЖС және асхана ғимаратының шатырына ұласты. Өрт ауданы 2 мың шаршы метрден  астам алаңда жайылған. Қазір оқ-дәрілер жарылуда. Өрт орны толығымен қоршалып, барлау жұмыстары жүргізілуде. Өрт 8 жеке тұрғын үйге тарады, сондай-ақ үйдің жанында тұрған екі жеңіл автокөлік зақымдалды. Қару-жарақ дүкені иесінің айтуынша, жертөледе 2 адам бар, жеке құрам оқ-дәрілердің жарылуына байланысты дүкенге кіре алмауда. Өрттің шығу себебі анықталуда. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Қазір оқиға орнында ТЖД күштері жұмыс істеуде. Өртті сөндіруге жеке құрамнан 40 адам және 12 бірлік техника жұмылдырылды.