Қостанайда өртенген қару-жарақ дүкенінің жертөлесінен ер адамның денесі табылды
Қостанайда өртенген қару-жарақ дүкенінің жертөлесінен ер адамның денесі табылды
Қостанайда өртенген қару-жарақ дүкенінің жертөлесінен ер адамның денесі табылды.
Марқұмның жеке басы әлі нақты анықталған жоқ, деп хабарлайды "Наша газета" Қостанай облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Өрт бүгін - 3 қыркүйекте сағат 11:20-да басталды. Назарбаев көшесі бойындағы "Оружейное палата" дүкені өртенді. От жақын маңдағы ТЖО және асхана ғимараттарының шатырына тарады. Қару-жарақ дүкеніндегі оқ-дәрілер жарыла бастады. Қызыл жалын сегіз жеке тұрғын үйді де шарпыды, сонымен қатар үйдің алдында тұрған екі жеңіл көлікті де бүлдірді. Өрт сағат 14:29-да ауыздықталды. Бірақ толықтай әлі оқшауланбаған. Өрттің шығу себебі анықталу үстінде.