Жол апаты 16 ақпанда, шамамен 13:30 - да Ақтау-әуежай автожолында орын алған.
Маңғыстау облысының Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, ЖКО туралы ақпарат 13:35-те түскен. Сағат 13: 50-де оқиға орнына төрт жедел жәрдем бригадасы жіберілді.
https://www.instagram.com/p/B8n3faRH5Mm/?utm_source=ig_embed
Сегіз зардап шеккен адам туралы хабарланады. Оқиға орнында дәрігерлер мен полиция жұмыс істеп жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Ақтауда ірі ЖКО болғанын хабарлаған болатынбыз.