Атырауда жасөспірім 3 жасар баланы құтқарып қалды
Атырауда жасөспірім 3 жасар баланы құтқарып қалды
483
оқылды
Атырауда жасөспірім өзенге құлап кеткен 3 жасар баланы аман алып қалды. Оқиға 2 қыркүйекте сағат 18:00 шамасында Жайық өзені маңындағы орталық дене шынықтыру-сауықтыру кешені ауданында болған.
Сәбиді  16 жастағы Евгений Русаков атты жас жігіт қайықпен жүзіп бара жатып, байқап қалған. Ол бірден көмекке барған. Жасөспірімнің көмекке шақырғанын естіп, оқиға орнына патрульдік полиция батальонының қызметкерлері барған, – деді Атырау облыстық полиция департаменті.
Қызметкерлер зардап шеккендерді жағаға шығарып, жедел жәрдем шақырған.