Ақмола облысында жол апатынан екі адам қаза тапты
Ақмола облысында жол апатынан екі адам қаза тапты
2,383
оқылды
 Ақмола облысы аумағында үш көлік соқтығысып, екі адам көз жұмды. Ақмола облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы бүгін сағат 13:05 шамасында «Көкшетау – Рузаевка» тасжолының 25 шақырымында болған.
«Анықталғандай, Көкшетау қаласы бағытында жүріп келе жатқан Атырау қаласының 25 жастағы тұрғыны басқарған «Газ-330232» автокөлігі жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, «Ваз-2106» және «Лада Калина» көліктерімен соқтығысқан. Салдарынан екі жеңіл көліктің 35 және 71 жастағы жүргізушілері оқиға орнында көз жұмды. Сонымен бірге, «Лада Калина» көлігінің екі жолаушысы түрлі дене жарақатымен ауруханаға түсті. Қазіргі кезде, осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - делінген ведомствоның ресми мәліметінде.