Өскеменде үй жертөлеcінен ер адамның мәйіті табылды
Өскеменде үй жертөлеcінен ер адамның мәйіті табылды
224
оқылды
Өскеменде көпқабатты үйдің жертөлесінен ер адамның мәйіті табылды. Бұл туралы ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті. Департамент мәліметінше, 3 қыркүйек күні қалалық ПБ Үлбі бөлімшесіне Шәкәрім даңғылындағы көпқабатты тұрғын үйлердің біріндегі подъез ішінде мәйіттің иісі шығып тұрғаны жайлы хабар түскен.
«Оқиға орнына тәртіп сақшылары шұғыл аттанды.Тексеру барысында жертөледен 63 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Мәйітте көзге көрінетін дене жарақаттары жоқ. Қазіргі уақытта бірқатар сараптама тағайындалған», - делінген хабарламада.