Қостанайда өрттен зардап шеккен қару-жарақ дүкені директоры елордаға жеткізілді
Қостанайда өрттен зардап шеккен қару-жарақ дүкені директоры елордаға жеткізілді
372
оқылды
Қостанайда өрттен зардап шеккен "Оружейная палата" қару-жарақ дүкені директоры санитарлық авиациямен Нұр-Сұлтанға жеткізілді, – деп хабарлайды "Костанайские новости" басылымы. Қостанай облысының Денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, санитарлық авиация желісі арқылы дүкендегі өрттен зардап шеккен ер адам Нұр-Сұлтандағы көпбейінді ауруханалардың біріне жеткізілген. Дүкен директорының жағдайы тұрақты ауыр екені атап өтілді. Денесінің 50 пайызын күйік шалған науқасты емдеу жалғасып жатыр.