Қостанайда өрттен зардап шеккен "Оружейная палата" қару-жарақ дүкені директоры санитарлық авиациямен Нұр-Сұлтанға жеткізілді, – деп хабарлайды "Костанайские новости" басылымы.
Қостанай облысының Денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, санитарлық авиация желісі арқылы дүкендегі өрттен зардап шеккен ер адам Нұр-Сұлтандағы көпбейінді ауруханалардың біріне жеткізілген.
Дүкен директорының жағдайы тұрақты ауыр екені атап өтілді. Денесінің 50 пайызын күйік шалған науқасты емдеу жалғасып жатыр.