Қарағанды облысында 350 гектарға жуық дала өртеніп жатыр
Қарағанды облысында 350 гектарға жуық дала өртеніп жатыр
© inform.kz
209
оқылды
Бүгін Қарағанды облысында 17 табиғи өрт тіркелді. Оның ішінде 10 учаскедегі жалын әзірге толық сөндірілген жоқ. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
"6 қыркүйекте Қарағанды облысының аумағында 17 табиғи өрт тіркелді. Жалынның өршуіне жоғары ауа температурасы мен жылдамдығы 20 м/с жел себеп. Оның ішінде 7 өрт сөндірілді. Ал 10 өрт ошағы бақылауда. Атап айтқанда, қазір Шет ауданына қарасты Қызылтау елді мекенінде 300 гектар және өзге аумақтардағы аумағы 50 гектардан аспайтын 9 дала өрті сөндіріліп жатыр", – делінген хабарламада.
Құзырлы орган дерегінше, өрттерді сөндіруге 279 адам мен 78 техника жұмылдырылған.