Биыл аралас жекпе-жек Азия ойындарының бағдарламасына алғаш рет енгізілді. 
Санжар Әділов Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
609
оқылды

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің азаматтық қорғау кіші сержанты BATYR TEAM өкілі Санжар Әділов Жапонияның Аичи - Нагоя қаласында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Дәстүрлі ММА бойынша 65 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Санжар жартылай финалда Тәжікстан өкілі Отабек Раджабовпен кездесіп, жарысты қола жүлдемен аяқтады.

Биыл аралас жекпе-жек Азия ойындарының бағдарламасына алғаш рет енгізілді. 

Осылайша, Санжар Әділов Қазақстан құрамасының осы спорт түрінен Азия ойындарында медаль жеңіп алған алғашқы спортшыларының бірі атанды.