Алдағы екі-үш күнде ауа райы қандай болады?-07.09.2022
Алдағы екі-үш күнде ауа райы қандай болады?-07.09.2022
Фото: sunhome.ru
856
оқылды
Синоптиктер 8, 9 және 10 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды. «Қазгидрометтің» мәліметінше, солтүстік-батыс суық антициклон әсерінен республика аумағының басым бөлігінде ауа райы салқын болады. Тек Қазақстанның оңтүстігінде күн жылы болады.
«Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауады. 8 қыркүйекте шығыста, 10 қыркүйекте батыста жаңбыр жауады. Солтүстік-батыста қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнап, жел күшейіп, бұршақ жаууы мүмкін. Батыста және Қазақстанның солтүстігінде ауа температурасы 1 градусқа дейін төмендейді», – дейді синоптиктер.