Президент Ұлыбритания Премьер-министрі Лиз Трассты құттықтады
Президент Ұлыбритания Премьер-министрі Лиз Трассты құттықтады
Фото: akorda.kz
519
оқылды
Мемлекет басшысы Ұлыбритания Премьер-министрі Лиз Трассқа құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Президент Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Лиз Трассты Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Премьер-министрі болып тағайындалуымен құттықтады. Қасым-Жомарт Тоқаев Лиз Трасс үкіметті басқарған кезеңде Ұлыбритания бұдан да гүлденген және орнықты мемлекет құру жолында табанды түрде ілгерілей беретініне сенім білдірді.
– Қазақстан Ұлыбританиямен берік достық байланыстарға, ортақ құндылықтар мен басымдықтарға негізделген әрі ұзақ жылдар бойы қалыптасқан стратегиялық серіктестікті жоғары бағалайды. Қазақ-британ көпқырлы қарым-қатынасын одан әрі нығайту және өзекті жаһандық мәселелер бойынша ұстанымдарымызды үйлестіру үшін тығыз ынтымақтастыққа дайын екенімді жеткізгім келеді, – деп жазылған Мемлекет басшысының жеделхатында.